Бүгін Жаңақала ауданының Жаңажол ауылында "Жасмина" fastfood өнімдерінің орталығы өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, мәслихат төрағасы Қамбар Каменов, Мансап орталығының директоры Аслан Уразалиев, "AMANAT" партиясының Жаңақала ауданы филиалының төрағасы Қуаныш Шарафутдин, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз берілген 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бастапқы капиталымен мемлекеттік грант негізінде іске асқан орталықтың иесі Бекзат Салиева өзін-өзі жұмыспен қамтып қана қоймай, ауылдың 1 адамын жұмыспен қамтуда.
- Кәсіпкерлік нысан ел игілігіне қызмет етсін. Көп балалы ана ретінде тек сөзіңізбен емес, ісіңізбен де балаларыңызды еңбекке тәрбиелеп, көпшілікке үлгі болып жатырсыз. Әр ауылда осындай кәсіпкерлік нысандар көптеп ашылып, халық сұранысын қанағаттандырса әрқашан қолдауға дайынмын, -деді аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы.
- Мемлекетіміз кәсіп бастайтын адамға барлық жағдай жасауда. Қолдауды қабыл алып, кәсіп бастаған балаларымыздың еңбектеріне береке берсін, өте қуаныштымыз. Игілікті істер көбейе берсін! - деп ауыл ардагері Сұлушаш Хисиянова тілегін білдірді.
Салтанатты жиынның лента қию рәсімі ардагер ұстаз Зоя Нәсиқызы мен ауыл әкімі Айбек Миразатұлына ұсынылды.
Аудан орталығынан келген қонақтар мен ауыл тұрғындары орталықтың өнімдерімен танысып, кәсіп иесіне сәттілік тіледі.
Сыйлыхан Жұмасалық,
Жаңақала ауданы