Полиция қызметкерлері Ақтөбедегі перзентханалардың бірінде болған сәби саудасына қатысты істі тексеріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сурет: egemen.kz
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазуынша, әйел 2024 жылдың тамыз айында облыстық перинаталдық орталықта босанған. Ал босанғаннан біраз уақыттан кейін анасы баласын басқа адамдарға беріп жіберген. Полиция дәрігерлердің бұл «мәмілеге» тікелей қатысы бар деген нұсқаны тексеріп жатыр.
2025 жылдың 20 қаңтарында полиция департаменті ақпаратқа түсініктеме берді.
«Ақтөбе облысының полицейлері жаңа туған нәрестені перзентханада сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жайлар мен осы іске қатысы бар тұлғаларды анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Қазіргі таңда тергеу жалғасып жатыр.