22.01.2025, 16:00
Оқылды: 22

Жаңа қызметіне сәттілік тіледі

 

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімі Тимур Шиниязовтың төрағалығымен актив отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйым мүшелері, мекеме, дербес бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысты. Актив отырысында бір ғана мәселе қаралды. Ол «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және ҚР Президентінің «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес ауданымызда ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметте болған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов ротация тәртібімен басқа қызметке ауысуы.

image-22-01-25-03-38-1

​Жиында сөз алған аудан басшысы: «Баршаңызға белгілі, Жақсылық Каримоллаұлы еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастап, түрлі сатылардан өтіп, бүгінгі күнге дейін аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Сонымен қатар Жақсылық Каримоллаұлы өзінің білімі мен тәжірибесіне сүйене отырып, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосты.

image-22-01-25-03-38

Атап айтсақ, ауданымызда құрылыс, жол, ауыз сумен қамту, мәдениет, спорт салаларының ілгері дамуына үлес қосып, ұтымды ұсыныстар енгізіп, ауданымыздың көркеюіне өз үлесін қоса білді», - деп, осы кезге дейін ауданымызда атқарған қызметі үшін өз және аудан активі мен аудан тұрғындары атынан шынайы алғысын білдіріп, алғысхат пен естелік сыйлық табыс етті.

image-22-01-25-03-38-2

​Өз кезегінде Амангелді Уәлиев, Тахир Қадимов, Нұрболат Әбдірешев, Жанар Қошанова, Алмат Қаратаев, Ерғали Аймырзаев жылы лебіздерін білдіріп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

​Жиын соңында Жақсылық Каримоллаұлы әріптестері мен аудан жұртшылығына алғысын білдірді.

 

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале