22.01.2025, 16:45
Оқылды: 18

Мәселелер күн тәртібінен түспейді

Теректі ауданының әкімі Ә.Мұханбетжанованың төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

472772407_2804106259771250_161965527933144059_n

Аталған кеңесте 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы жөнінде жиын өткізілді. Оған ауылдық округ әкімдері, әртүрлі сала басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Оған қоса «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүргізілуі бойынша және ағымдағы жүргізілетін жаңа үйлердің құрылысы бойынша мәселелер қаралды. Алдымен сөз алған Теректі ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Бахтияр Бауыржанұлы, ауданның 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалып, айлық шеңберінде төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері №12 Өрт сөндіру бөлімі және №25 Өрт сөндіру бекеті қызметкерлерімен бірлесіп елді-мекендерде (негізінен Теректі, Подстепное, Ақжайық, Шағатай ауылдары) аула аралық шолулар жүргізіліп жатқандығын баяндап өтті.

473728371_2804106163104593_4978499891221884300_n

Одан кейін сөз алған аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сандуғаш Сайынқызы «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүргізілу барысына тоқталып өтті. «2023 жылы ауданның 117 тұрғыны ауылдағы өз кәсібін дамыту үшін 738 млн 253 мың теңгеге несие алды. Оның ішінде 926 бас ірі қара мал, 695 бас ұсақ мал және 4500 құс, ауылшаруашылық техникасы мен 26 жабдықтар және одан басқада 4 жабдық сатып алынды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйегінде Қазақстан халқына Жолдауында ауыл тұрғындарына «Тауарлы несиесін» беру тәсілін ұйымдастыру қажет деп атап өткен болатын. Осыған сәйкес аудан бойынша ірі шаруашылық өкілдерін тарта отырып, әлеуметтік осал топ санатына жатқызылатын 10 ауыл тұрғынына ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін тауарлық несие беру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда аудан бойынша 8 ауылдық округ (Покатиловка, Ақжайық, Теректі, Приречное, Богдановка, Ақсуат, Долин, Ұзынкөл) шаруашылық өкілдерімен тауарлық несие беру бойынша түсінік жұмыстары жүргізіліп, 10 халықтың әлеуметтік осал топтарына 16 ірі қара және 16 ұсақ мал келісім шарт арқылы берілді», - деді жиын барысында аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сандуғаш Сайынқызы.

472745701_2804106116437931_7284347241185299068_n

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе тұрғын үй салу немесе сатып алу және оны халықтың әлеуметтік осал топтарын қамтамасыз ету бойынша да жиын барысында сөз қозғалды. Теректі аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қанатжан Айбергенов өзінің берген мәліметінде, өткен жылы аудан бойынша халықтың осал топтары үшін Ақжайық, Аңқаты, Долин, Ақсуат және Богдановка ауылдарынан екі пәтерлі бес тұрғын үйдің яғни 10 пәтердің құрылысы жүргізілген. 2025 жылы аудан бойынша халықтың осал топтары үшін екі пәтерлі 15 тұрғын үй яғни 30 пәтер салынбақ. Атап айтсақ Шаған ауылынан – 2 пәтер, Ұзынкөлден – 4 пәтер, Магистральныйдан – 2 пәтер, Аңқатыдан – 2 пәтер, Сарыөмірден – 4 пәтер, Покатиловкадан – 4 пәтер, Құмақсайдан – 2 пәтер, Абайдан – 2 пәтер, Шағатайдан – 2 пәтер, Үлкен Еңбектен – 2 пәтер, Долиннен – 2 пәтер және Приречное ауылынан – 2 пәтер тұрғын үй құрылысын салу жоспарлануда», - деді аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Қанатжан Иманғалиұлы.

473171096_2804053516443191_6927427327366621797_n

Жаңа жылдың басындағы келелі жиында алдағы атқарылатын жұмыстардың бірқатарына тоқталып өткен аудан әкімі Әлия Биғазықызы ауылдық округ әкімдері мен сала басшыларына бірнеше міндеттемелерді атап өтті. Көктемгі су тасқынның алдын алу, «Ауыл аманаты» бағдарламасының оңтайлы жүргізілуін қолға алу және ағымдағы жылы жоспарда тұрған жаңа үйлердің құрылысының құжаттамаларын реттеуді мұқияттап тапсырды.

Әсет Баян,

Теректі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале