3.02.2025, 10:45
Оқылды: 507

Ұлттық басылым күні қарсаңында шыңғырлаулық тілшілер марапатталды

2023 жылы Қазақстан Респбуликасы Үкіметі қаулысымен ақпан айының 2 жұлдызы Ұлттық басылым күні ретінде бекітілген болатын. 1913 жылдың осы күнінде ұлттық баспасөздің бастауы – «Қазақ» газеті жарық көрді. Міне сондықтан ұлт зиялыларының бірлесіп бастаған басылымның алғашқы саны шыққан күн Ұлттық басылым күні болып белгіленді.

475375195_2051444325267325_2192944985653138164_n

Осы атаулы күн қарсаңында Шыңғырлау аудандық мәслихат төрағасы Сағидолла Тұрғалиев, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов қоғамның айнасы – аудандық газетте талай жыл табан аудармай қызмет еткен ардагер тілші Татьяна Кишкинамен, аудан баспасөзіне елеулі еңбегі сіңген тілші Бақыт Баймағамбетовамен, «Серпін» газетінің қаламы қарымды жас тілшісі Екатерина Кивамен кездесті.

474470002_2051444358600655_7151194453704736127_n

475364827_2051444285267329_6027626416509930668_n

474593390_2051444411933983_5044046161154600720_n

Баспасөз қызметкерлерін мерекелерімен құттықтай келе, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы Азамат Тағаниязов өз атынан құттықтау хаттар мен «Кітап-AMANAT» жобасы аясында танымал авторлардың кітаптарын табыстады. Өз кезегінде мереке иелері еңбектерін елеусіз қалдырмай, құрметтеп жатқандарына алғысын білдіріп, ризашылықтарын жеткізді. Марапаттау рәсімінен соң тілшілер қызмет жолдарының қызығы мен шыжығын айтып, естеліктерімен бөлісіп, кездесуді қорытындылады.

 

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале