5.02.2025, 15:15
Оқылды: 331

БҚО биыл да суға кетуі мүмкін

Ресейдегі Ирикла су қоймасындағы су 82 пайызға толып тұр. Қазіргі уақытта жоғарыдан Жайыққа төрт есе көп су келіп жатыр. Жалпы БҚО-да 9 аудан мен Орал қаласының өзін су басу қаупі бар деп отыр мамандар.

паводок
-Қаңтар айы өткен жылдағыдай жаңбырлы болды. Соның әсерінен облыстың солтүстік аудандарында топырақтың бетінде 2 смге дейінгі мұз жамылғысы қатты. Ақпан айында жауынды күндер бар. Осыны ескеріп биылда су тасқыны қаупі барын айтуға болады,- деп атап өтті Қазгидромет РМК облыстық филиалының директоры Тілеген Шапанов.
Тасқын қаупі төнген жағдайда төтенше жағдайлар қызметі 4 мыңнан астам адамды жұмылдыра ала алады деп отыр. Төтенше жағдайлар департаментінде жол талғамайтын көліктер, тік ұшақ бәрі дайын деп отыр.
Су тасқынына қарсы жұмыстар үшін әр аудан, ауылда жауапты адамдар бекітіліген. БҚО әкімі Нариман Төреғалиев 10 наурыздан бастап облыста 24 сағат кезекшілік жүргізілетінін атап өтті.
Жалпы БҚО бойынша 186 ауылды су басу қаупі бар деп есепке алынған. Осы ауылдарда 3,9 млрд теңгеге жалпы ұзындығы 107 шақырым болатын 53 қорғаныс бекеті, 9 шақырым су бұру каналдары, 93 шақырым арық қазылған. Былтыр су тасқынында су шайып кеткен сегіз су қоймасы қалпына келтіріліп, өзендердің бойына жаңа 7 гидробекет салынған.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале