8.02.2025, 16:00
Оқылды: 300

Казталовтық еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Біздер ауыл-елдегі қарапайым жұмысшы мамандықтарын дәріптеп, қоғамдағы ауыр жасаған еңбекқор жандарды насихаттап, еңбекке араласып жүрген жастарға үлкен мотивация беруіміз қажет.

image-07-02-25-06-45-4

Кеше С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Казталов аудандық ардагерлер үйінде «Құрмет» танымдық жобасының кезекті шығарылымы өтті. Жобаның негізгі мақсаты: ауданымыздың ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосқан жандарды дәріптеп, халыққа кеңінен таныстыру. Шара қонақтары ретінде ауыл шаруашылығы саласының ардагері, «Астананың құрылғанына 10 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медальдарының иегері, «Казталов ауданының құрметті азаматы» Талап Мұқанов, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, механизатор Ақболат Ғазизжанов, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, механизатор Ермек Айдынғалиев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері, механизатор Тұржан Нағымов қатысты.

image-07-02-25-06-45-2

Кеш барысында қонақтардың қысқаша жүріп өткен өмір жолдары, еңбек жолындағы жинаған тәжірбиелерімен, қиын да қызықты сәттерімен бөліссе, «Гүлдерайым» әжелер ансамблі мен ұрпақтары әсем әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

image-07-02-25-06-45

Сонымен қатар еңбек ардагерлеріне замандастары мен ұрпақтары гүл шоқтарын табыстады.
Шара соңында аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Ернар Ильясов шараға қатысушы қонақтарға С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығы дайындаған «Құрмет» громатасы мен естелік сыйлығын білдірді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Шакуов БҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Бергеннің атынан түрлі мәдени жобалардың ұйымдастырушысы, халықтық «Гүлдерайым» әжелер ансамблінің жетекшісі, аудандық әжелер алқасының төрайымы Нұрия Самиғоллақызына, ардагер ұстаз, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Күнсұлу Шакенаеваға алғысхат табыстады.

Гүлнұр Бөлешова
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале