Бүгін Ақжайық ауданының əкімі Мұрат Сердалин бір топ Ауған соғысы ардагерлерін қабылдап, құрмет көрсетті. Биыл Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толып отыр.

Ол соғыс та халықтың зердесінен өшпейді, ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды. Аудан басшысы осы жайында айта келіп, биыл Жұбан Молдағалиевтің 105, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аталып өтуі жайында әңгіме тарқатты. Бүгінде елімізде орнаған бейбіт тірлік, тыныштықтың Отаны үшін отқа түскен ардагерлеріміз ерлігімен келгенін тағы бір мәрте атап өтті.

Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуын баяндай келе, М.Амангелдіұлы мектеп оқушылары, жастар арасындағы патриоттық, елжандылық тәрбиесінің өрістеуіне атсалысқандары үшін жауынгер-интернационалистерге зор ризашылығын арнады, олардың алда да игі істердің басынан көрінетініне зор сенімін білдірді.

Ардагерлер атынан сөз алған Бауыржан Ізімов өздеріне көңіл бөліп, құрмет көрсеткен аудан əкіміне алғысын білдірді. Бейбіт күннің сарбаздары ауыл-елдің өркендеуіне қатысты өз ұсыныстарын ортаға салды.
Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, аудандық мәслихат төрағасы Сәлімгерей Сиражев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ербол Есеналиев болды
Осыдан соң ардагерлер Жұбан орталығында болып, оның жұмысымен танысты.
Азамат Қанапия,
Ақжайық ауданы