Теректі ауылының мәдениет үйінде «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-нің филиалы Теректі аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен "Жұмысшы мамандықтар жылына арналған" бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкеге 12 жұмыс беруші 90-ға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Сонымен қатар, аталған шараға жұмыс іздеп жүрген азаматтармен қоса Теректі ауданының №1,2 пробация қызметі, жеке сот орындаушылар да жұмылдырылып, соттылығы бар, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар да қатысқан болатын. Бүгін ұсынылған бос жұмыс орындарының көпшілігі электр жүйелерінің маманы, кәсіби жүк көлігінің жүргізушілері, жол құрылысы жұмысшыларына сұраныс қажеттілігі басым.

Жұмыс берушілермен жұмыс іздеушілерден 15-ке жуық түйіндеме алынды.
Т.Тоқмамбетов,
Теректі ауданы