12.02.2025, 21:00
Оқылды: 194

Тасқалада өткен байқауда Алдабергеновтер әулеті бас жүлде иеленді

Бүгін Тасқала аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, Тасқала ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Әкеден қалған өсиет» ІІ аудандық байқауы өтті.

image-12-02-25-06-00-2

Үміткерлерге облыстық, республикалық батагөйлер байқауының лауреаты Жұмагелді Үмбеталиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы думан Ғазез, облыстық батагөйлер байқауының жеңімпазы Мағжан Жұмағалиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Нұрсұлтан Садиков төрағалық етті.Отбасындағы ата өсиетін тыңдап өскен әке рөлін көрсету, ұлттық құндылықтарымызды тәрбие негіздеріне ала отырып қайта жаңғырту. Кішілер үлкендерді сыйлауға, адамгершілікке, әке мен ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Халқымыздың тарихы мен мәдениетін құрметтеу, салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды кеңінен насихаттау. Атаның әулеттегі орнымен әкенің тәрбиесін ұлдың өзіндік өміріне мәні зор екенін ұғындырумақсатында өткізілген байқауға ауылдық округтерден және аудан орталығындағы мектептерден ата, әке, немереден құралған отбасылар қатысты.

Қатысушылар бірінші кезеңде өздерін таныстырып, екінші кезеңде шеберліктерін байқатты. Қамшы өру, ер-тоқым жасау, ат ерттеу, ат-әбзелдерін дайындау және орналастыру барысы, өз қолынан шыққан туындысын жасау сәтінен бейнероликтерін ұсынды. Үшінші кезеңде ерлік, батырлық, ата дәстүр, отбасы құндылығы тақырыбындағы ақындардың өлеңдерін, авторлық туындыларын тарту етсе, төртінші кезеңде ерлік, батырлық, жаугершілік кезең туралы көрністерді сахналады.

photo-output
​Тәрбиелік мәні бар сайыстың қорытындысы бойынша Алдабергеновтер әулеті Амангелді ауылдық округі І орынды иеленді. Ал,ІІ орынға Кондудаевтар әулеті (Қазақстан ауылдық округі) қанжығаларына байлады. Ал, ІІІ орынға Закарияновтар әулеті (Ақтау ауылдық округі) ие болды. Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

Қатысушылар алғысхатпен марапатталды. Сайыс соныңда қатысушылар әдемі суретке түсті.

Гүлмира Мақанова,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале