Елімізде ертеңнен бастап қоян аулауға тыйым салынады, деп жазады 24.kz

Сурет: istockphoto.com
Елде құм қоянын 31 желтоқсаннан бастап атуға болмайды. Ал, 15 ақпаннан бастап ақ қоян мен ор қоянды аулауға тыйым салынады. Себебі осы мезгілде қояндар көжектей бастайды.
Елде қоянның 3 түрі кездеседі. Оны аулау уақыты да әртүрлі. Мәселен құм қоянын 1 қараша мен 31 желтоқсан аралығында атуға болады. Ал, ақ қоян мен ор қоян 1 қарашадан 15 ақпанға дейін ауланады. Ұзынқұлақтылар тез көбейеді. Ақпаннан қарашаға дейін олар үш ай сайын көжектейді. Әр туғанда кемінде 6-7 көжек табады.