«AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы білім және денсаулық мәселелері бойынша аймақтық кеңес отырысы өтті.

Кеңес отырысы жұмысына кеңес төрағасы А.Баяхов, Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басқармасының басшысы Ә.С.Антазиев, Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Б.М.Сәбитов, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары А.С.Қаналиев, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басқармасы басшысының орынбасары А.Б.Жүнісова, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Ж.М.Нигметуллин қатысты.
Күн тәртібінде қаралған сұрақтар аясында өңірдегі медицина саласындағы кадр жетіспеушілігі мәселесі, соның ішінде келген мамандарды тұрақтандыру мәселесі қаралды. Сонымен қатар дәрігер мамандардың біліктіліктерін арттыруға қатысты сұрақтар қойылды.
Білім басқармасы өкілінің баяндамасы аясында, мектеп оқушыларының тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету және т.б. өзекті мәселелер бойынша комиссия мүшелері пікірлерін білдіріп, ұсынбаларын жеткізді.
Кеңес отырысының қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, алдағы уақытта «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған жол картасындағы көрсетілген нысандар бойынша кеңестің көшпелі отырыстары өткізілетіні хабарланды.
«AMANAT» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі