21.02.2025, 13:24
Оқылды: 380

«Qazaq village» жобасы: «Ақбас сиыры – ата кәсіптің алтын діңгегі»

- Мен үшін мал шаруашылығы – тек кәсіп емес, ата-бабадан қалған қасиетті мұра. Бұл істі әкем 2008 жылдан бастап қолға алып, бүгінде оны жалғастырып келемін. Қазір қожалығымызда ақбас сиыры өсіріледі. Бұл тұқым өзінің климатқа төзімділігі, жоғары ет өнімділігі және тез жетілуімен ерекшеленеді.

Ақбас сиыры – ата кәсіптің алтын діңгегі.

жп казах виллидж20

Қожалығымызда мал өсіруге барлық қажетті жағдай жасалған: заманауи техника, жеткілікті жем-шөп қоры және жайылым жер бар. Ақбас тұқым аз жем-шөппен тез салмақ жинайды, табиғи жайылымда жақсы семіреді, төлді көп береді, сондықтан оны өсірудің болашағы зор, - дейді «Qazaq village» жобасының кейіпкері, шаруа қожалық жетекшісі, казталовтық
Муслим Тайгаренов.

Жас шаруа қожалықты кеңейтіп, бордақылау орталығын салуды жоспарлап отыр.

- Бұл жоба ет өндірісін арттырып, нарыққа жоғары сапалы өнім ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін жұмыс орындары ашылып, өңірдегі мал шаруашылығының дамуына оң әсерін тигізеді, - дейді Муслим.

жп казах виллидж23

Кейіпкеріміз мал шаруашылығымен қатар аудан орталығынан «Сандық» супермаркетін ашқан. Мұндағы өнімдер қолжетімді бағада, сапасы жоғары.

- Ауыл тұрғындары үшін негізгі қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алу – үлкен көмек. Халық дүкен жұмысына риза, бұл – маңызды жетістік.
Алдағы уақытта да ата кәсіпті дамытып, Ақбас сиыр өсіруді кеңейтіп, бордақылау орталығын іске қосып, ауыл халқының тұрмысын жақсартуға үлес қосқым келеді, - деді кейіпкеріміз.

жп казах виллидж10

 

Фото авторы: Мейірбек Тажқұранов

жп казах виллидж01 жп казах виллидж02 жп казах виллидж03 жп казах виллидж04 жп казах виллидж05 жп казах виллидж06 жп казах виллидж07 жп казах виллидж08 жп казах виллидж09 жп казах виллидж11 жп казах виллидж12 жп казах виллидж13 жп казах виллидж14 жп казах виллидж15 жп казах виллидж16 жп казах виллидж17 жп казах виллидж18 жп казах виллидж19 жп казах виллидж21 жп казах виллидж22

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале