19.02.2025, 16:30
Оқылды: 441

 Жаңақалада “Жайық Толқыны” фестивалі өтті

Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығында “Жас туристер станциясы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Жайық толқыны” фестивалінің аудандық кезеңі өтті.
image-19-02-25-04-07
13-15 жас аралығындағы қатысушылар “Жас әнші”, “Жас ақын”, “Жас суретші”, “Жас шебер”, “Жас мобилограф”, “Жас аспаз” бағамдарында бақ сынасты. Жұмыстануға берілген 2 сағат ішінде бағыттары бойынша жұмыстарын қорғап, өз өздерін көрсете білді.  Қазылар алқасы жұмыс үлгілерінің нұсқаларын бағалай отырып, жан-жақты мінездеме берді.
image-19-02-25-04-07-2
Байқау шартына сәйкес, әр мектептен 1 оқушыдан тіркеліп, шеберлік деңгейлерін көрсетті.  Нәтижесінде, “Жас аспаз” бағамы бойынша (Карманов МББК) Ерболқызы Інжу, “Жас шебер” номинациясына (Жаңақала ЖОББМ) Қажиден Айнара, “Жас ақын” (Ә.Жангелдин ЖОББМ) Нұрғали Нұртас, “Жас суретші” (Пятимар ЖОББМ) Сатыбалды Дәурен, “Жас мобилограф” (М.Жүнісов ЖОББМ) Абай Айнара, “Жас әнші”  (М.Жүнісов ЖОББМ) Тұрарбек Меруерт жүлделі бірінші орынның биігінен көрініп, 25-27 ақпан аралығында өтетін аталмыш байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды.  Жасөспірімдердің шығармашылығын дамыту мен ұлттық дәстүрімізді насихаттау мақсатында өткізілген тартысты фестивальден алары мен берері көп жеткіншектерге сәттілік тілейміз.
Ақерке Мәлікқызы,
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале