19.02.2025, 17:30
Оқылды: 257

Қарақат Әбден сотталған әйелдерге рақымшылық беру туралы: мұқият іріктеу болады

Депутат Қарақат Әбден 2025 жылғы 19 ақпанда Мәжілістің кулуарында ел түрмелеріндегі әйелдерге рақымшылық жасау туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
каракат
Сурет: kk.wikipedia

Оның айтуынша, әйелдерге рақымшылық жасау идеясы балалар мен аналарды біріктіру және отбасы институтын сақтау ниетінде туындаған.

"ІІМ толық талдау жасады және олардың есептеулері бойынша шамамен 2 мыңнан астам әйел осы санатқа жатады. Заңдағы әрбір тармаққа қатысты мұқият талдау мен іріктеу болады. Бұл рақымшылық барлық әйелдерге беріледі деген сөз емес. Депутаттық сауалдың өзінде қоғамға қауіпті қылмыс жасамаған әйелдерге рақымшылық жасау керек деп айтылған. Біз негізгі қағидаларды анықтадық, олардың санатына жүкті, көп балалы әйелдер, 60 жастан асқан әйелдер, үйде кішкентай балалары бар аналар жатады",- деп түсіндірді ол.

Еске салсақ, 2025 жылдың 29 қаңтарында Қарақат Әбден Конституцияның 30 жылдығы аясында сотталған әйелдерге рақымшылық жариялауды ұсынған болатын. Бұл идеяны ІІМ басшысы Ержан Сәденов қолдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале