19.02.2025, 19:00
Оқылды: 306

Жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс жасайтын балабақшалар жұмысы талқыланды

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

a3e9f170-cfba-43cb-9dfd-522e4fe74f74

Күн тәртібінде жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесі бойынша жұмыс істейтін балабақшалардың жұмысы қаралды.
Отырысқа кеңес төрағасы Б.Атауов, кеңес мүшелері, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Превенция басқармасы басшысының орынбасары А. Салимов, Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Талдау әзірлемелерi бөлiмiнің басшысы Ж.Жақсығалиев, Батыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі Ж.Иманғалиева, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары А.Жүнісова, Орал қаласы білім беру бөлімінің бас бухгалтері Г.Кенжалиева, Батыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зәуре Ғұмарова қатысты.

d19420a0-4ffd-439e-aae1-69933132ffb8
Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Аяжан Жүнісованың айтуынша, облыс бойынша 33,5 мыңнан астам баланы қамтыған 561 мектепке дейінгі ұйым қызмет етеді, оның ішінде 383-і мемлекеттік, 178-і жеке меншік.
- Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар қатарында 147 балабақша, 62 «мектеп-балабақша кешені», 174 шағын орталық болса, жеке 176 балабақша, 2 жеке шағын орталық жұмыс жасайды.
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамту: 2 мен 6 жас- 91%, 3 пен 6 жас – 100 %.
Жан басына шаққандағы норматив мектепке дейінгі ұйымдар бойынша бір баланы асырауға жұмсалатын орташа шығын 2025 жылы ауылдық жерде 62 027 тенге және қалада 55 659 тенгені құрайды (2024 жылы ауылдық жерде 60119 теңгені және қалада 53 878 теңге) – деді Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Аяжан Жүнісова.

79bded60-e8dc-45de-80bd-49d40cfce1a4
Аталған бағытта жұмысты тереңнен меңгеріп, зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін комиссия мүшелері жұмыс барысын оңтайландыру жолдарын қарастырып, мақсатты ұсыныстар беру үшін білім басқармасы сараптамасын күтетіні хабарланды.

Зарина Каирова
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале