20.02.2025, 9:00
Оқылды: 165

БҚО-дағы ауыл маңына ұшқышсыз ұшатын аппарат құлады

Бөкей ордасы ауданында ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды. Жасанды интеллект ресейлік  Орлан-10 құрылғысына ұқсатты, - деп жазады sarapshy.info.

whatsapp-image-2025-02-19-at-14.33.24-1024x768

Сурет: sarapshy.info

18 ақпанда, кешкі сағат 23:00-ден аса Бөкей Ордасы ауданы, Ұялы ауылынан 8 шақырым жерде (аудан орталығы Сайқын ауылынан 180 км қашықтықта) белгісіз нысанның табылғаны туралы дерек таралуда.

Ұялы ауылының әкімі Ерлан Ермекқалиевке мән-жайды білу үшін хабарласқан едік, округ басшысы кесіп-пішіп ештеңе айтпады. Бірақ бұл ақпаратты растаған жоқ және жоққа да шығармады. Бұл бойынша «Ақпарат бере алмаймын» деп қысқа қайырды. Алайда ауылға  облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен арнаулы орган қызметкерлері келіп жатқанын айтты.  WhatsApp мессенджер арқылы таралған ауыл әкімінің даусына ұқсас аудиожазбада Жаңақаламен шекарада әлдебір нысанның құлағанын хабарлайды.

Алдын ала болжам бойынша бұл құлаған ұшқышсыз ұшу аппараты болуы мүмкін. Нысанның ұзындығы – 120 см.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті редакция тілшісі жолдаған сұрақты жауапсыз қалдырды.

Дегенмен «Просто журналистика» арнасына осы ақпаратты аудан әкімі Нұрлыбек Даумов растаған.

Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда және Жаңақала аудандарында Ресей жалға алған әскери полигондар бар. Көрші ел сынақтан өткізетін зымырандардың бөлшектері жақын маңдағы ауылдардың аумағына құлау фактілері кездеседі.

2014 жылдың наурыз айында Бөкей ордасы ауданының әкімдігі «МН-300» метеорологиялық зымыраны құлағаны туралы ақпарат таратты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале