2-7-сынып оқушылары арасында өткен республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауына үкілеген үмітпен аттанған Жаңақала ауданындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы Айбибі Қожантай «Frutti Aiba» мармелад тәттісін табиғи өнімнен жасау бағытындағы ғылыми жұмысын сәтті қорғап, 2-орынды жеңіп алды.

Ақтоты Измулдинаның жетекшілігімен орындалған ғылыми жоба облыстан 1-орын алып, республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Жұлдызы жарқыраған кішкентай зерттеушімізге биік белестер мен асқарлы асулар тілейміз!
Рая Жұмағалиева,
Жаңақала ауданы