25.02.2025, 16:30
Оқылды: 486

Жұмысшыларға арналған жаңа бағдарлама

Биыл наурыздың 17-сінде «Отбасы банк» АҚ «Наурыз жұмыскер» тұрғын үй бағдарламасын іске қосты. «Бош Автосервис» ЖШС-да өткен кездесуде банк қызметкерлері жұмысшыларға жағымды жаңалық айтты.

 DSC00057

– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында техникалық мамандарды қолдау шаралары қабылдануда. Соған сәйкес наурызда «Наурыз жұмыскер» жаңа бағдарламасы іске қосылады. Жұмысшы мамандарды баспанамен қамтуға үлес қоспақ. Бағдарлама өнеркәсіп, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және су ресурстары салаларының мамандарын қамтиды. Республика бойынша «Наурыз жұмыскер» бағдарламасына 72 млрд теңге бөлінген. Осынша қаражатқа 2440 өтінім қабылданады. Бағдарламаға қатысатын азаматтың депозитінде 2 млн теңге болуы керек. Содан кейін ол «Baspana Market» порталында үй алу жөнінде өтінім береді. Бағдарлама талаптары бойынша азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін 7% (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 7,1%-дан 9,6%-ға дейін) және қалған санаттар үшін 9%-дық (ЖТСМ 9,4%-дан 13%-ға дейін) мөлшерлемемен несие беріледі. Бастапқы жарна таза әрлеудегі бастапқы тұрғын үйді сатып алуға 10%-дан, әрленбеген бастапқы тұрғын үйді және қайталама нарықтағы тұрғын үйді сатып алу үшін 20%-дан басталады. Несиенің ең жоғары сомасы – облыстар үшін 30 млн теңге, Астана мен Алматы қалаларында – 36 млн теңге. «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы бойынша конкурстан өтпеген азаматтар «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына қатыса алады. Айта кету керек, бұл екі бағдарламаға соңғы бес жылда жеке баспаналары болмаған тұрғындар қатыса алады, – деген «Отбасы банк» АҚ БҚО филиалы бизнес дамыту бөлімінің маманы Жансәуле Кадимова бағдарламамен таныстырды. Банк өкілдері бағдарлама шарттарын түсіндіріп, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.

Іс-шараның өтуіне мұрындық болған «Respublica» партиясы БҚО филиалының төрағасы Дулат Мақатов бұл кездесудің еңбек адамын құрметтеу, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғанын айтты. Сонымен қатар ол «Бош Автосервис» ЖШС-ның белсенді жұмысшыларын алғысхаттармен марапаттады.

Серіктестіктің бас директоры, партия мүшесі Алексей Перепелкиннің айтуынша, мұнда жұмыс істейтін 150 адамның 70%-ы – жұмысшы мамандар. Жұмысшылардың орташа жасы – 35 жас. Нысан бір тәулікте шамамен 50 көлікке қызмет көрсетеді. «Біз маманды жұмысқа қабылдаған кезде баспанасының бар-жоғын сұрамаймыз. Себебі бұл оның жеке мәселесі деп санаймыз. Сондықтан компания жеке өміріне араласпауы керек. Банк өкілдері таныстырған жаңа бағдарлама біздің жұмысшыларға пайдалы болады деген үміттемін», – деді бас директор.

Айна Имашева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале