27.02.2025, 13:00
Оқылды: 725

Құтырудың алдын алу

Құтыру - бұл орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталатын және өліммен аяқталатын жануарлар мен адамдардың табиғи ошақтық ауруы.

ЖП ит

Ең алдымен, құтыру ауруына қарсы емнің жоқ екенін білу керек, және әрбір науқас адам, тыныс алу және жүрек қызметінің сал ауруынан қайтыс болады. Инфекция көзі: жабайы жыртқыштар - (қасқырлар, түлкілер, қарсактар), үй жануарлары - иттер, мысықтар, ірі мүйізді қара мал болып табылады.

Құтыру вирусы ауру жануардың сілекейінде болады. Құтырма вирусы ауру жануардың тістеуінен, тырнауынан, сілекейленуінен кейін адамды тістеген кезде жарақатқа сілекей арқылы түсіп, әрі қарай құтырма ауруының дамуына әкеледі.

Бет, бас, мойын, қолдар және қол, аяқ саусақтары, жыныс мүшелерінен тістелген және көп жерден тістелінген жарақаттар (множественные раны) -олар тістеудің аса қауіптісі деп есептеледі.

Тістеген сәттен бастап аурудың басталуына дейінгі инкубациялық кезең 12 күннен 1 жылға дейін болуы мүмкін.

Тістелінгеннен кейін дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында және 2024 жылжың қорытындысы бойынша тұрғындар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ.

Ағымдағы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша жануарлар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ.

Қолайсыз эпизоотологиялық жағдай аясында адамдардың 2024 жылы антирабиялық көмекке жүгінуі 2023 жылмен салыстырғанда 9,6% - ға өсті.

2024 жылдың қорытындысы бойынша жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккен 2404 тұлға медициналық көмекке жүгініді (2023ж. - 2172). Медициналық көмекке жүгінгендердің ең жоғары көрсеткіштері Жәнібек (322,0), Бәйтерек (263,9), Бөрлі (258,9) аудандары мен және Орал қаласында (474,7) байқалады.

2024 жылы зардап шеккендер арасында ер адамдар 61 %, әйелдер – 39% құрады. 14 жасқа дейінгі балалар 32,1% ды құрап отыр, барлығы (773) бала зардап шеккен.

Жарақаттардың басым көпшілігі иттердің тістеуінен, яғни – 79,4%, мысықтардың тістеуінен жарақат алғандар – 17,4%, түлкі мен қарсақтардан – 0,5%, жылқылардан – 0,4%, ірі малдардан – 0,5% және басқа жануарлардан – 2,0%.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жануарлардың тістеуінен, сілекейленуінен зардап шеккен 182 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық көмекке жүгінгендердің ең жоғары көрсеткіштері Бәйтерек 17 жағдай аудандары мен және Орал қаласында 134 жағдай.

2025 жылдың қаңтар айында зардап шеккендер арасында 14 жасқа дейінгі 21,9% құрап отыр, барлығы (40) бала зардап шеккен.

Жарақаттардың басым көпшілігі иттердің тістеуінен яғни 63,1%, мысықтардың тістеуінен – 29,6%, жылқы 1,09%, ІҚМ – 1,6% және басқа жануарлармен – 4,3%  құрады.

Тістеген кезде алдымен

  1. жараны 20% су - сабынды ерітіндімен жуып, айналасын 70 пайызды спиртпен немесе 5 пайызды иод ерітіндісімен өңдеу қажет.
  2. Тұрғылықты жеріңіз бойынша медициналық көмекке жүгіну қажет. Егер сіз Орал қаласында жарақат алсаңыз - облыстық клиникалық аурухананың травматологиялық пункттіне және облыстық көп бейінді балалар ауруханасы мен қалалық көп бейінді ауруханасының травматология бөлімшесіне, егер ауданда жарақат алсаңыз - орталық аудандық аурухананың хирургиялық бөлімшесіне немесе травматологиялық бөліміне медициналық көмекке жүгініңіз.
  3. Травматолог және хирург тағайындаған вакцинация курсын толық алу қажет. Барлығы 5 вакцинация (0,3,7,14,28) Сіздің өміріңізді сақтайды!

Құтыру ауруының алдын алу үшін келесі сақтық шараларын сақтау қажет:

Иттерді, мысықтарды және басқа жануарларды ұстау ережелерін қатаң сақтаңыз және жыл сайын құтыруға қарсы вакцинациялаңыз.

Жабайы және қаңғыбас үй жануарларымен жанасудан аулақ болыңыз; тек құтырумен ғана емес, басқа да қауіпті аурулармен ауырмау үшін балаларға осыны түсіндіріңіз.

Жануарлардың ерекше мінез -құлқында немесе үй жануарларының агрессивті мінез - құлқында сақ болыңыз және бұл туралы ветеринарлық қызметке хабарлаңыз.

Ветеринарлық емдеу ұйымы адамдарды немесе жануарларды тістеген жануарды 10 күн ішінде оқшауланған бөлмеде ұстау туралы жазбаша міндеттемені жануардың иесіне қалдырады және оны бақылайды.

Кез келген жануар тістеген жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз. Құтыруға қарсы вакцинация - бұл қауіпті аурудың алдын алудың жалғыз әдісі.

Н.Мұстаев,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау департаменті басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале