27.02.2025, 16:30
Оқылды: 324

БҚО прокуратурасы жазаны ауыстыру бойынша ашық сот мәжілісін ұйымдастырды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық сотта пробациялық бақылау есебіндегі адамға қатысты ашық сот отырысы өткізілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы жазды. 

 

ab568b3d639fe2698203ccf9574cc705_1280x720 (1)

Сурет: gov.kz

Сот отырысына есепте тұрған қылмыс жасаудың орташа және жоғары қаупі бар 15 тұлға қатысты.

Іс-шараның мақсаты сотталғандарға пробация шарттарын бұзудың ықтимал салдарын түсіндіру болды.

2024 жылы сот облыс тұрғынын ұрлық және алаяқтық үшін пробациялық бақылауды орнату арқылы 3 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Алайда, ол бақылауда болғанымен, жазасын өтеу ережелерін бірнеше рет бұзған.

Осыған байланысты пробация қызметі жазаны ауыстыру туралы ұсыныс жіберді.

Нәтижесінде аудандық сотпен жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін прокуратура қызметкері сотталғандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға пробация шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін заң ережелерін түсіндірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале