Алғыс айту күні риясыз ризашылыққа ие болғандардың бірі – электр саласының қызметкерлері.

Су мен қарда, күн мен желде «жарық үшін күресетін» электрмонтерлер еңбегі қауіпті. Қауіпті болғаны үшін құрметті!
Бүгін сала мамандарына Сырым ауданы әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов алғыс айтты.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланды. Техникалық мамандар біздің тұрмысымызды жайлы етеді. Әр электр инженері, әр монтер - құрметті кәсіп иесі. Сіздердің еңбектеріңіз үздіксіз электр қуатын беруге септігін тигізеді, - деді әкім орынбасары.
Өзінің ұжымына тораптың басшысы Мақат Шамар мырза да алғыс білдірді. Мақат Қаршығаұлы сөзінде, әріптестерінің күрделі ақауларды жоюда көрсеткен бірлігі мен кәсібиліктерін атап өтті.

Айта кетейік, Сырым аудандық электр торабы 1972 жылы құрылған. Мекеме 9 ауылдық округтегі 48 елді мекенге тәулік бойы үзіліссіз электр қуатын таратады. Тораптың иелігінде 510 шақырым 10 кВт әуе желісі, 266 шақырым 0,4 кВт желі және
149 дана жинақты трансформатор бар. Олар 9 станция арқылы реттеледі. Негізгі нүкте, яғни 110/35/10 кв қосалқы станциясы Жымпитыда орналасқан.
Ұжымда 56 қызметкер бар.
2024 жылы желтоқсанда тораптың жаңа кеңсесі пайдалануға берілді. Биыл Өлеңті, Аралтөбе ауылдарындағы электр желілері толық жаңартудан өтеді. Мекемеге осы жылы автоматты гидро көтергіш келеді деп күтілуде.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы