7.03.2025, 13:00
Оқылды: 275

«Таза Қазақстан»: «ЭкоЖайық» экологиялық клубы құрылды

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында «ЭкоЖайық» экологиялық клубы құрылды. Бұл маңызды оқиға – экологиялық клубтардың желісін құруға бағытталған республикалық бастаманың бір бөлігі, оның мақсаты – студенттік жобаларды қолдау арқылы экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал ету. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жазды. 

4efe3a07b5a6049ecb273436c3f74a7c_1280x720

Сурет: gov.kz

«Экологиялық клубтар студенттер арасында экологиялық сананы қалыптастыруда, табиғатты қорғауға жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеуде, қоршаған ортаны қорғауға ынталандыруда және экологиялық сауаттылық деңгейін арттыруда маңызды рөл атқарады», – дейді клуб бастамашылары.

ee8d228420d5775d416addbd383af35d_1280x720

Клубтың негізгі мақсаты – студенттер арасында табиғатқа деген қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру. Алғашқы қадам ретінде клуб «Таза Қазақстан» республикалық акциясын жүзеге асыру аясында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау бойынша әлеуметтік жобаны бастады. Жоба қалдықтарды жинау ғана емес, оларды қайта өңдеуге жіберу үшін сұрыптауды қамтиды, бұл табиғи ресурстарды үнемдеуге және өңірдегі экологиялық тазалықты сақтауға ықпал етеді.

Клубтың алғашқы отырысында студенттер арасында қалдықтарды дұрыс сұрыптаудың маңыздылығын түсіндіретін ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

«Әрбір студент қалдықтарды сұрыптау және экологиялық тұрғыдан дұрыс өмір сүру қағидаттарына сүйене отырып, еліміздің  болашағына маңызды үлес қоса алады. Таза және жасыл Қазақстанды құру үшін әрқайсымыздың бірлескен күш-жігеріміз қажет», – дейді «ЭкоЖайық» клубының жетекшісі Сабихан Рахым.

«ЭкоЖайық» клубы студенттер арасында экологиялық белсенділікті арттыруды қоршаған ортаға қамқорлық мәдениетін тұрақты түрде дамыту және еліміздің табиғи байлықтарын сақтауға ықпал ету жоспарларымен жұмысын жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале