Бүгін 14 наурыз – Амал мерекесі. Көрісу күнін Наурыз мейрамының бастауы деп айтуға болады.
Тарихқа үңілсек, ертеректе қыс айларында далада мал баққан көшпенді халық бір-бірін көре алмаған, тек көктем шыға бастағанда, наурызға қарай көрген. Сол уақыттан бері көрісу дәстүр ретінде сақталып қалған. Көрісу — тек адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін дәстүрлі мейрамы.
Бұл күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін қонаққа шақырып, отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілеп жатады.
Атадан жалғасқан осы дәстүрмен аудан әкімі Нұрлыбек Даумов пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеген Арыстанбеков таң сәріден аудан орталығында тұратын бірқатар еңбек ардагерлерінің үйлеріне көрісе барып, үлкендердің ақ баталарын алды.
Авторы Анар Артықбай
Суретке түсірген Жарқынай Салимова
Бөкей орда ауданы