17.03.2025, 17:45
Оқылды: 281

Жаңақалалық бишілер республикалық байқауда жеңіске жетті

Орал қаласында «BM Progect» шығармашылық жобалар орталығының ұйымдастыруымен «Жеті қазына» республикалық көпжанрлы өнер байқауы өтті.

image-17-03-25-04-33-5

Би өнерін жан-жақты дамытып,би ұымдарының шығармашылық қатынастарын нығайту мақсатында оздырылған өнер додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген бишілер әртүрлі деңгей бойынша сынға түсті. Бәсі биік бәсекеде жас дарындардың орындау шеберліктерімен қоса сахна мәдениетін сақтауы да қазылар алқасының назарына алынды.

image-17-03-25-04-33

Сайыс қорытындысында жаңақалалық жетпіс бишіге жетекшілік етіп барған Лунара Нұрланқызының еңбегі еш кетпей, Жаңақала ЖОББ мектебінің жанынан құрылған «Нұрбибі» би ұжымының үлкен тобы «Гүл көктем» биімен І орынды, кіші тобы «Барби» биімен Гран Приді жеңіп алды. Ал  орта тобы «Оймақтар» биімен І орынға және «Андижан полькасымен» ІІІ орынға лайық деп танылды. Қандай байқау болмасын, жүлдесіз қайтпайтын ұжымның жетекшісі Лунара Қанатова - Менің ойымша, бұл біздің би ұжымының лайықты жеңісі. Үздіктер жиналған додада көрермен көзайымына айналып, әділқазылардың оң бағасын алу оңайға соққан жоқ. Осы орайда үлкен қолдау танытқан ансамбль мүшелерінің  ата-аналарына алғыс айтқым келеді, - дейді.

Орын иегерлеріне дипломдар, арнайы кубоктар мен медальдар табыс етілді.

Айзада Ақбасова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале