Орал қалалық №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау биылғы жылдың 30-шы наурызында өтетінін бұған дейін де хабарлаған болатынбыз.
Жуырда сайлау өтетін аумақта орналасқан учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен саяси науқанды ұйымдастыруға арналған басқосу өтті.
Жиында Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мұхтар Давлетжанов сайлаушылар тізімімен жұмыс жасау, шақыру билеттерін таратуға жауапкершілікпен қарау керектігін айтты.
- Жалпы Орал қалалық №17 бірмандаттық аумақтық сайлау округі аумағында 11 500 ден астам дауыс беруші тіркелген. Олар сайлау күні осы маңда орналасқан 7 учаскелік сайлау комиссияларында (УСК) өз таңдауларын жасайды. Қазіргі кезеңде барлық УСК-лар сайлау өткізуге толықтай дайын. Бүгінгі күннен бастап сайлауға шақыру қағаздары мен қатар үш үміткердің аты-жөндері, өмірдеректері мен байланыс номерлері, кездесу кестелері жазылған жадынамаларды қоса таратуда. Сондай-ақ біздің тарапымыздан бірқатар әлеуметтік желілер, интернет ресурстар арқылы тұрғындарға саяси науқан өтетіндігін ескертіп, оған белсенді қатысуға үгіттейтін Үндеу жарияланды. Қаладағы Call-орталықтар да таңғы 9:00 ден кешкі 18:00 ге дейін үзіліссіз жұмыс жасауда. Кез келген тұрғын сайлауға қатысты сауалымен 24-30-10, 24-30-40 номеріне хабарласа алады, - деді М.Давлетжанов.
Сонымен қатар төраға округтік және учаскелік комиссия мүшелеріне шақыруды тарату кезінде кездесетін қиындықтарды ПИК, МИБ төрағаларымен бірлесіп шешуді тапсырды.
Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы