18.03.2025, 15:45
Оқылды: 194

Ақтөбеде полиция интернет-алаяқтықпен айналысқан БҚО тұрғындарын ұстады

Ақтөбелік полицейлер интернет-алаяқтықпен айналысқан БҚО тұрғындарын ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.
60d54ba5-3d11-46be-ab0b-878595d6928f

Сурет: Polisia.kz 

Ақтөбе облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері наурыз айында Орал қаласында жедел іс-шаралар жүргізу барысында бірнеше алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынын ұстады. Ұсталғандардың бірі ақпан айында Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшада төмен пайызбен несиелерді рәсімдеуге көмектесу қызметін ұсынғаны анықталды. "Whatsapp" мессенджерінде хат алмасу барысында жас жігіт жәбірленушілерді алдап, ақшаларын заңсыз иеленген. Қазіргі уақытта күдікті жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды.Сонымен қатар жедел іс-шаралар барысында ақпан айында OLX.KZ платформасын пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті әйел анықталды. БҚО тұрғыны пәтерді жалға беретіні туралы жалған хабарлама орналастырып,  арқылы хат жазысу барысында жәбірленушіні толық алдын ала төлем жасауға көндірген. Ақшаны алғаннан кейін әйел байланысты тоқтатқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстық әрекеттерге қатысының бар-жоғы да тексерілуде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале