Қаратөбе ауданында Қалдығайты өзенінің су деңгейі көтеріліп, соның салдарынан облыстық маңызы бар Жымпиты-Қаратөбе автожолының үстінен су өткен болатын. Қазіргі уақытта өзен суы өз арнасымен ағуда. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында.
Қазіргі уақытта ЖАО, төтенше жағдайлар, полиция департаменттерінің қызметкерлері, ҚР ТЖМ 20982 әскери бөлімінің қызметшілері, арнайы техникалар жұмылдырылды.
Департаменттің жанынан облыстық жедел штаб құрылып жедел желі тәулік бойы жұмыс жасауда.
БҚО ТЖ ақпараттық штаб