Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Алдағы бір аптада берешегіңізді өтемесеңіз, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл қосылады. Бұл туралы Zakon.kz жазды.

Сурет: freepik
Қазір азаматтардың банктік мобильді қосымшаларына хабарламалар жіберіліп жатыр. Сол жерден салықтың мөлшерін біліп және оны төлей аласыз.
Салық сомасы темір тұлпар түріне, шыққан жылына және қозғалтқыш қуатына қарай әр түрлі есептеледі. Көлік иелерін электронды түрде ақпараттандыру биыл наурыздың 12-сінен басталған. Көпшілік жіберілген хабарламалар арқылы берешегін біртіндеп өтеп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
Жалпы мегаполисте 456 мың тұрғынның атына 764 мың автокөлік тіркелген. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7 пайызға көп. Тиісінше, салықтың жалпы сомасы 20 млрд-тан 22 млрд теңгеге дейін өсті. Алайда берешегін беруден жалтарып жүргендер де жоқ емес.