27 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Сурет: baq.kz
Хабарламада "2025 жылғы 27 наурызда Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Алматы қалаларында, түнде Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі" делінген.