2.04.2025, 15:00
Оқылды: 638

Сырым ауданы әкімінің орынбасары тағайындалды

Сырым ауданы әкімі орынбасарының кабинетіндегі төрт ай бойы тербеліп тұрған орынтаққа бүгін иесі келіп жайғасты. 

IMG_0165

ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 29 бабының 1 тармағына, 30 бабының 1 тармағына сәйкес шыққан Сырым ауданының әкімі Ж. Батырниязовтың 2025 жылғы 2сәуірдегі № 44ж/қ өкіміне сәйкес бұл лауазымға Тоқмамбетов Серік Әнуарұлы тағайындалды.

Серік Тоқмамбетовтың есімі сырымдықтарға жақсы таныс. Біріншіден, Қособа ауылында дүниеге келген. Елдің өз баласы. Екіншіден, жастар саясаты, кейін мәдениет саласында жемісті еңбек етіп, Сырым ауданындағы қоғамдық - саяси өмірін өркендетуге үлес қоса білді.

Еңбек жолына назар аударсақ, 2013-2014 «БҚО жастар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Төрағасы,  БҚО Әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы,

2014-2016 жылдары Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК кәсіпорнының директоры,

2017 жылдың сәуір-тамыз айлары аралығында «Жас туристер станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры,

2017-2020 жылдары Сырым аудандық «Демалыс орталығы» МКҚК кәсіпорнының директоры,

2020-2023 жылдары «Орал қалалық мәдени-ағарту бірлестігі» МКҚК кәсіпорнының директоры болып қызмет етті.

2023 жылдың 5 қыркүйегінен бастап бүгінге дейін БҚО Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Қ.Мырзалиев атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының директоры лауазымында атқарды.

Жұмагелді Батырниязов жаңа орынбасардың жұмысына сәттілік тілеп, ауданның әлеуметтік саласын, идеологиялық жұмыстарын ілгерілетеді деп сенім білдірді.

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале