4.04.2025, 9:15
Оқылды: 180

Терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті

 Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Төреғалиевтің төрағалығымен ағымдағы жылдың бірінші Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы жазды.

5c4de7aebd7edeeebbdc0982f14c5055_1280x720

Сурет: gov.kz

 

Жиын барысында облыс аумағындағы жалпы діни ахуалдың жағдайы, терроризмге қарсы профилактика жұмыстары, ұлттық, саяси және балалар экстремизміне қатысты мәселелер талқыланды.

Баяндамашылар - Қылмыстық атқару жүйесі БҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары С.Өтешқалиев, БҚО білім басқармасының басшысы Е.Сафуллин, БҚО дін істері басқармасының басшысы А.Қаратай.

Отырыс соңында БҚО әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев облыстағы жалпы діни ахуал және орындаушылық тәртіп туралы баяндады.

Қорытындысы бойынша тапсырмалар хаттамаға енгізілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале