4.04.2025, 21:00
Оқылды: 89

Жәнібектегі үздік кәсіби бағдар беруші - Самиғолла Лұқпанов

М.Ықсанов атындағы Жәнібек колледжінде биыл бекітілген «Жұмысшы мамандықтары жылы» мен колледждің 90 жылдық мерейтойына орай «Үздік кәсіби бағдар жүргізуші» атты білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар беруші ұстаздары арасында аудандық байқау өтті. 

image-04-04-25-05-03-3

Білім беру ұйымдарының кәсіби бағдар берушілері арасында тәжірибе алмасып, кәсіптік бағдар беру жұмысын дамытып, жұмысшы мамандықтарын даярлау жүйесін жетілдіру екендігін атап өткен колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлдана Аткешова шараның маңыздылығына тоқталып өтті, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үш кезеңнен тұратын байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар алдымен жұмыстарын көрсетіп, өздерін таныстырып шықса, екінші «кәсіби бағдар шеберханасы» кезеңінде өздерінің педагогикалық әдістерінің жаңа тәсілдерін көрсетіп, әдістемелік жұмыстарын ұсынды. Үшінші, шешуші кезеңде ұстаздарға ситуациялық сұрақтар қойылып, берген жауаптары сарапталды.

image-04-04-25-05-03

Қорытынды есеп бойынша «Үздік кәсіби бағдар беруші» болып №1 мектеп-лицейінің кәсіби бағдар беруші педагогы Самиғолла Лұқпанов танылды. Сонымен бірге «Арманға апарар жол сілтеуші» аталымы бойынша Ғ.Абдуллин атындағы орта мектебінің кәсіби бағдар беруші педагогы Кәмшат Бимұханова, «Бағдарлаушы кеңесші» аталымымен Ғ.Сарыбаев атындағы орта мектебінің кәсіби бағдарлаушысы Гүлдария Бекенова, «Болашаққа бағдар беруші» аталымымен Тегісшіл негізгі мектебінің бағдарлаушысы Назым Мұстафина, «Жастардың кәсіби дамуына үлес қосушы» аталымымен Ө.Сахипов атындағы мектебінің кәсіби бағдарлаушысы Үміт Өтебалиева марапатталды.

«Жастардың сенімді серігі» атты ерекше аталымға Т.Жароков атындағы орта мектебінің бағдарлаушысы Бекзат Жаналиева лайық деп танылса, «Мамандық әлемінің үздік зерттеушісі» болып А.Оразбаева атындағы негізгі мектебінің кәсіби бағдар берушісі Айдана Рахымғалиева болды. М.Ықсанов атындағы мектебінің бағдарлаушысы Айнұр Қазиева «Өз ісінің шебері» деп жоғары бағаланса, «Таңдау шебері» болып Ұзынкөл орта  мектебінің кәсіби бағдар берушісі Гүлнұр Өтешова атанды.

image-04-04-25-05-03-4 (1)

Сайысқа қатысушылар өздерін жан-жақты көрсете алып, мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысын ұйымдастыруда, оқушыларға кәсібін саналы түрде таңдауға, ата-аналарға, педагогикалық ұжымға мамандық таңдау бойынша шешім қабылдауда бағдар беруде үздік екендіктерін дәлелдеді.

 

Бану Самат,

Жәнібек ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале