5.04.2025, 18:44
Оқылды: 468

Қазақстандық боксшы Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға есе жіберді

Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайындағы бокс кешінің екінші жекпе-жегінде қазақстандық Ақниет Әлімбай мен чехиялық Йозеф Дубски қолғап түйістірді.

52b620f1-93bd-4ee0-9a03-9c39c9627882

Кәсіпқой боксқа келгеніне көп бола қоймаған қос жауынгер жартылай орта салмақта кім мықтыны анықтады.
Осыған дейін екі кездесу өткізіп, екеуін де жеңіспен аяқтаған Ақниет Әлімбай бұл сынның фавориті саналды. Оның үстіне өз елінде, өз жанкүйерлері алдында жұдырықтасуы да Ақниет үшін қол болды. Йозеф Дубски де жеңілгенді ар санайтын жігіт. Кәсіпқой рингте бір кездесуін нокаунтпен аяқтаған.

873cb6e8-6e6d-43e0-bf09-543927944c53
Ақниет шабуылдап баққанымен Йозеф те қарап қалмады. Қазақстандықтың әр сәтті соққысына өз комбинациясымен жауап қатып отырды.
Қорытындысында төрешілердің шешімі Йозеф Дубский жеңімпаз деп танылды.

Түгелбай Бисен

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале