11.04.2025, 12:15
Оқылды: 503

«Теректі BAND» көрермен қошеметіне бөленді

Теректі ауданы орталығында халықтық «Теректі BAND» вокалды-аспапты ансамблінің есеп беруге арналған концерт өтті.

17d8410d-686e-4ecb-ae50-f4d54acf6086 Аудандық мәдени-демалыс орталығының концерт залы көрерменге лық толды. «Полет на Меркурий» шығармасымен шымылдығы ашылған аталмыш кеш бұрынғыдан өзгерек, көңілге шырай беретін, қанша көрсең де ұнай беретін ең әсерлі кеш болғанын көрерменнің қошеметінен байқадық. Өңірімізде вокалды-аспапты ансамбльдері алпысыншы жылдардан сескенінші жылға дейін үлкен танымалдыққа ие болған.

7b14815d-5ec7-4c58-882f-69d1e86eacb8

Олар сахнаға шыққанда залдың лық толып, тіпті үлкен стадиондарды толтырғанын айтпай кетуге болмас. Халықтың ырғақты әндерге еліткен халық вокалды-аспапты ансамбльдердің өнерін жоғары бағалауы заңдылық. Бүгінгі халықтық «Теректі BAND» вокалды аспаптар ансамблі 1986 жылдан бастау алып, 2011 жылы жаңа шығармашылық деңгейге көтерілді. Сол уақыттан тыңдармандардың сүйіктісіне айналған ансамбль алғаш рет 2018 халықтық атағын қорғап, құрамын жаңартты.

1d7b256d-a007-454b-8969-0d814b377a55

Содан бері ансамбль мүшелері мен жетекшілері өзгеріп отырса да, жыл сайын қоржындары жүлделермен толығып, репертуарлары да жаңара түсті. 2019 жылы Казталов ауданында өткен «Туған жер әуені» облыстық фестиваль-конкурсында жүлделі ІІІ орыннан көрінсе, 2021 жылы Ақсай қаласында өткен вокалды-аспапты ансамблдерінің арасындағы облыстық «Тәуелсіздікке тарту»  атты конкурста І орынды иеленді. 2021 жылы Бөкей орда ауданында өткен вокалды-аспапты ансамбльдер арасындағы «Орда – туған мекенім» облыстық байқаудан ІІ орын және Тасқала ауданында вокалды-аспапты ансамбльдерінің «Әуен-саз» облыстық байқауында ІІ орын.

76c9023e-71cf-4bb5-96e6-b8a3a03e4212

2024 жылы Қаратөбе ауданында өткен «Сазды әуен мен сырлы үн» атты байқауда арнайы жүлдемен марапатталды.  2024 жылы Облыстық «Ауғанның от жалыны» әскери-патриоттық әндер байқауында Алғыс хат иеленген «Теректі BAND» вокалды аспаптар ансамблі өздерінің даму жолындағы жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Аталмыш кеште Рамазан Амантайдың сөзіне жазылған Өмірбек Амангелдиевтің «Қазақтың ең жаманы мен шығар» атты әнін Батыс Қазақстан облысы «Мәдениет саласының үздігі» Айбек Дәулетқалиев шырқап көрерменнің қошеметіне бөленді. Әнші Кәмшат Қадырғалиева «Сағындым сені» әнін шырқаса, дәстүрлі әнші Дәурен Жұмағалиев «Ақбұлақ» әнін нақышына келтіре орындады.

debea6f4-068f-4eba-b49d-80009a59461b

Сахна төріне көтерілген жас өнерпаз Данияр Рақымғали «Сені сағындым» әнін айтса, «Мир не прост» әнін Виктория Нуралиева шырқады. Жылы әзіл мен шынайы махаббатқа толы «Тақиялы періште» туындысын бәріміз сүйіп көреміз. Бұл фильмде махаббат қана емес, тамаша әуендер де есте қалады.«Теректі Бэнд» ансамблі аталмыш фильмдегі композицияны орындап көрермен қол соқты. Шағатай ауылында дүниеге келген теректілік өнерпаз аудан сахнасына тұңғыш рет көтерілді. Концерт ерекше көңіл-күйден бөлек таланттарын танытуда. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған өнер сахнасы жаңа дарындарымен толығып келеді. «Қарағым-ай» әнімен шағатайлық Нұрбек Аленов гитарасымен шырқап берсе, «Тамшы», «Басқаша»  әндерін облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты Елжас Мағзом орындады. «Асықпа сен» әнімен сахна төрінен табылған Бақытгүл Кабашева көрерменнің қошеметіне бөленді. Халықтық «Теректі BAND» вокалды-аспапты ансамблі талай кезеңді еске түсіріп, сағынышқа айналған шақтарды әнмен тербеп тұр.

b576276a-e647-4229-a95b-aacc0921b695

Оның ішінде біздің балалық шағымыз, орта жастағы көрермендердің де бақытты сәттері түрлі аспаптың көмегімен шарықтап, жанды дауыста жүректерде жаңғыруда. «Махаббатпен ойнама сен» және «Сен 18-де едің» атты әндерін шырқаған  Айбек Дәулетқалиевке көрермен қошемет көрсетіп, ризашылығын білдірді. Мұхтар Шахановтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің «Айналайын» әнін өнерлі жұп Нұрбол, Айсезім Крумғалиевтер орындап берді. «Поверь в мечту» және «Спасательный круг» әндерін жерлес әнші Равиль Шаяхметов орындаса, «Шаттанайық» әнін Айдын Серікқали мен Оразали Тасқалиев көрерменге көңілді кеш сыйлады. Жанды музыкамен тербеген халықтық «Теректі BAND» вокалды-аспапты ансамблінің мүшелері Николай Бородуллин (клавиш), Равиль Шаяхметов (бас-гитара),  Рустам Бекбулатов (ритм-гитара), Тамерлан Хасанов (соло-гитара), Ұрмалы аспапта және ансамбль жетекшісі Жанғали Калбиров кештің сәнін келтірді. «Теректі BAND» ансамблі бар өнерін халыққа сыйлады. Өнерпаздарға ізгі тілегін білдіру үшін сахна төріне аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова көтерілді. «Біз бүгін халықтық «Теректі BAND» вокалды-аспапты ансамблінің есептік концертін тамашаладық. Концерт көңілімізден шықты. Оны сіздердің қошеметтеріңізден байқап отырдық. Жалпы аудандық мәдени-демалыс орталығының өнерпаздарының еңбегі зор. Сіздерге аудан жұртшылығының атынан алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта мол жетістіктерге жетіңіздер», - деп тілегін жеткізген аудан әкімі Әлия Биғазықызы «Теректі BAND» вокалды-аспапты ансамблінің ұжымына алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті.

Темірболат Әнуарұлы,

Теректі жаңалығы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале