16.04.2025, 19:00
Оқылды: 241

Жаңақалада жастарға жаңа ғимарат пайдалануға берілді

Бүгін Жаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ашылу салтанаты өтті. Орталық 2015 жылдың желтоқсан айында құрылып, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік мекеме ретінде өз жұмысын бастады. Биыл орталыққа 10 жыл толуына жаңа ғимарат қолданысқа берілді.

image-16-04-25-06-31-2

Шараға БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Аңсар Ихсанұлы, аудан басшысы Алпамыс Жаңабайұлы, Бөрлі аудандық ресурстық орталығының басшысы Толқын Абайқызы, Бәйтерек аудандық ресурстық орталығының директоры Жанар Асылбекқызы, аудан әкімінің орынбасары Руслан Қонысбайұлы және мекеме басшылары, аудан ардагерлері мен барша қуанышқа ортақтасқан тұрғындар қатысты. Алғашқы сөз Алпамыс Көшкінбаев пен Аңсар Ибраевқа ұсынылып, кезекті ізгі лебіздерін білдіргеннен кейін, облыс көлемінде де аудан мерейін асқақтатып, жастар саясатының іске асуына орасан зор үлес қосып жүрген аталмыш ұжым қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

image-16-04-25-06-31-1

Аңсар Ихсанұлы БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының атынан мекеме басшысы Дәурен Мерешовке алғыс хат табыс етті. Әрі қарай, жерлес айтыскер-ақын Данияр Нысанғалиев өзінің жүрек-жарды лебізін білдіріп, өлең шумақтарын тарту етті. Содан соң, жаңа ғимараттың лентасы кесіліп, ақ жаулықты әжелер шашу шашып, ақ ұсынды. Ерекше үлгіде жабдықталған мекемеге енгендер өз таңданыстарын жасыра алмады. Қонақтар легі республикалық, облыстық олимпиадалар да жүлделі орын алған оқушылармен жүздесіп, ғылыми жоба көрмелерін тамашалады. Одан әрі жиын мәдениет үйінде жалғасын тапты.

image-16-04-25-06-31-3

«Еңбек адамы – елдің тірегі» атты аудан бойынша жұмысшы мамандықтар форумы аясындағы 2022-2024 жылғы мемлекеттік қайтарымсыз грант иегерлерінің жәрмеңкесі оздырылды. Алмас Абуов ЖК «АЙХАН» - тауық өсіру кәсібі, Жансая Сүндетова ЖК «АМАНАТ» - құс шаруашылығы, Ақмарал Алданғарова ЖК «БЕРЕКЕ» - жүн өнімдерінен көрпе, жастық жамылғы көрпелер жасау, Гүлсая Жәрдемғалиева ЖК «MARFUGA» - тігін өндірісі, Ақжарқын Айтымбетова ЖК «ЗЕЙНЕП» - сүт өнімдері, Динара Жұматаева ЖК «АЗАЛИЯ» - кондитерлік өнімдері, Әсел Зұлқарнаева ЖК «DAMU» - ет павильонын ашу сынды сан алуан кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынып, ортада бой түзеді. Әрі қарай, форум мәдени-демалыс-орталығының концерт залында Жаңақала колледжі мен мансап орталығы және аудандық әкімдік, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен форум жалғасын тапты. Модератор Дәурен Құбайдоллаұлы барша спикерлерді ортаға шақырып, өмір жолдарымен таныстырды. Жиынға «QAZAQGAZ AIMAQ» БҚО өндірістік филиалы Жаңақала учаскесінің газ-дәнекерлеушісі Ерболат Самиғоллаұлы, желілік-өндірістік басқарма бастығы Айдарбек Жүсіпкерейұлы, №3 жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәні зертханашысы Мөлдір Серікқызы, Жаңақала колледжінің «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығының өндірістік оқыту шебері Гүлмира Берікқызы және Жаңақала колледжінің 2-курс студенттері Қолқанат Қобыландыұлы, ​Әли Саматұлы, Айнара Шакират, «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығының 3-курс студенті Айкүнім Русланқызы қатысты. Шара жүргізушісі оқуға деген қызығушылық пен мамандық таңдау жолындағы жіберілетін қателіктер жөнінде сұрақтар қойып, оқушылар мен болашақ маман иелеріне пайдасын тигізер ақпараттармен бөлісті. Әрі қарай, жиналғандар арасынан спикерлерге ізденімпаздықпен сауал жолдаған оқушыларға Айдарбек Таңатаровтың атынан ақшалай сыйлық ұсынылды.

image-16-04-25-06-31-4

Форум соңында мәдени-демалыс орталғының қызметкері Мерей Жұмашев ән шырқап, шара қорытындыланды. Түскі астан кейін, жиналған қонақтар мен мекеме қызметкерлері Жаңақала колледжінің алдына көшет отырғызып, шеберханамен таныстық жұмыстарын жүргізді.

Ақерке Мәлікқызы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале