17.04.2025, 21:00
Оқылды: 253

Сырымдық журналист БҚО-ның «Құрметті ардагері» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті. «Атамекен» өнер ордасының мәжіліс залына жиналған алқаның алдында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген ұйымның 2024 жылы атқарған жұмыстары және алдағы жоспары туралы баяндады.  Республикалық ардагерлер ұйымы кеңесінің үшінші Пленумының шешімі де аға буынның арқасына аз міндет артқан жоқ. Төраға бұл туралы да тоқталды.

PHOTO-2025-04-17-18-09-51

Пленум жұмысына Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев пен бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары қатысқанын айта кетейік.

Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің бір топ төрағалары Батыс Қазақстан облысының «Құрметті ардагері» төсбелгісіне ие болды.

Осындай марапатқа ие болғандардың қатарында сырымдық журналист Мүсірбек Айташев та бар.

photo-output

Мүсірбек Айташев ұзақ жылдар бойы «Сырым елі» қоғамды-саяси газетінің редакциясында жемісті еңбек етіп келеді. Қаламының қуаты кетпеген әріптес ауылшаруашылық саласының тынысы, ел ішіндегі еңбек туралы шебер сюжеттер беріп жүр. Қарапайым шаруалар, еленбеген таланттар – журналист мақалаларының кейіпкерлері.

Мүсірбек Айташев бүгінде Сырым аудандық ардагерлер кеңесін басқарады.

Б.Шерім,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале