21.04.2025, 18:00
Оқылды: 403

«Тазалық өзімізден басталады»: резерв мүшелері мен мемлекеттік қызметтегі еріктілер Оралда сенбілікке шықты

Орал қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік кадр резервінің мүшелері мен мемлекеттік қызметтегі еріктілер қатысты.

WhatsApp Image 2025-04-21 at 15.57.02

ҚатысушыларЖұлдыз шағын ауданында тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстарды жинап, қоғамдық аумақтарды абаттандыруға өз үлестерін қосты. Бұл бастама ел Президентінің экологиялық мәдениетті арттыру жөніндегі үндеуін қолдау және азаматтық белсенділікті нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясын бастай отырып, қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын бірнеше рет атап өткен болатын: «Экология мәселесі – азаматтардың өмір сапасымен тікелей байланысты. Біз табиғатымызды, орман-тоғайымызды, өзен-көлдерімізді сақтауымыз керек. Бұл – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деген еді Мемлекет басшысы.

Президент, сондай-ақ, әрбір азаматтың жеке жауапкершілігін ерекше атап өтті: «Тазалық пен тәртіп – әрқайсымыздан басталады. Әрбір азамат туған жеріне жанашырлық танытуы тиіс».

WhatsApp Image 2025-04-21 at 15.56.13

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Мұрат Байсаловтың айтуынша, мұндай акцияларға қатысу – нағыз патриотизмнің көрінісі: «Мемлекеттік қызмет тек қана кеңседегі жұмыс емес, ол – жеке үлгі көрсету. Президенттің бастамасын қолдай отырып, біз қоғамда табиғатқа деген жауапкершілік пен қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тырысамыз».

Жұлдыз шағын ауданындағы сенбілік – «Таза Қазақстан» акциясы аясында көктем мезгілінде ұйымдастырылған маңызды шаралардың бірі. Ол еліміздің барлық өңірлерін қамтып, халықты ортақ іске жұмылдыруда.

 

                                          Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

                                          Батыс Қазақстан облысы бойынша

                                          департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале