Жәнібек ауданы орталығында Ш.Мәжитов пен Абай көшелеріне жаяу жүргіншілер жолының құрылысы басталды. Қос көшенің, соның ішінде ұзын көшелердің бірі Ш.Мәжитов атындағы көшенің тұрғындары тротуар мәселесін бірнеше жылдан бері көтеріп келе жатыр.

Биыл мәселе шешімін тауып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгін аудан әкімі Тимур Шиниязов құрылыс басына барып, учаске бастығы Наурызғали Нұрекешевпен кездесіп, жұмыс барысын талқылады. Екі көше тротуарының ұзындығы 4,1 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстарын мердігер «Батыс Құрылыс Қызмет» ЖШС атқаруда. «Зенитпромстрой» ЖШС техникалық жағынан қадағалауда. Жұмыстарға аудандық бюджеттен 138 млн 238 мың теңге қаражат бөлінді. Құрылыс жұмыстары алты айға созылады.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы
