22.04.2025, 23:00
Оқылды: 219

Намысты қолдан бермеген жәнібектік жас спортшылар топ жарды

Жуырда Бөкей ордасы ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бокстан 2012-2013 және 2014-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында Бөкей ордасы ауданының ашық біріншілігі өтті. Жарысқа 12 командадан 123 жас спортшы қатысты.

image-22-04-25-10-31-2

Нәтижесінде 2017 жылы дүниеге келген Бейбарыс Исаев 26 келі салмақта жүлделі үшінші орын алды. 2015-2014 жылы туған арасында 30 келі салмақта Мерейхан Қамит алтынға қол жеткізсе, Сұлтан Сейітқұл мен Айбарыс Ерболат қоланы місе тұтты. 33 келіде Мерхан Мәлік бірінші орын алып, өз салмағында чемпион атанды. 35 келіде Бекназ Қамидолла күміс жүлдеге, 46 келіде Нұрдәулет Биболат қола жүлдеге ие болды. 2011 жылы туған Әзизхан Қадыр 40 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

image-22-04-25-10-31
Жас спортшыларды жаттықтырған Нұрбек Орынбаев: «Күйгенкөл ауылында бокс үйірмесінің ашылғанына үш ай болса да, болашақ чемпиондар жүлделі орындарға ие болды»,  - деді.
Ауданның намысын қорғап келген чемпиондарды ата-аналары қарсы алып, құрмет көрсетті.

Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале