28.04.2025, 12:00
Оқылды: 288

ТЖМ құтқарушылары 3 ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы ана мен оның баласын тапты

Қарсаңында 1982 жылы туған әйел 2015 жылы туған ұлымен бірге БҚО Теректі ауданы Сарыөмір ауылынан Дуан ауылына қарай жеңіл автокөлікпен шығып, бағдарынан айырылып, құтқарушылардан көмек сұрады, - деп жазады ТЖМ

San Rafael, Argentina, June 12, 2021: firefighter flying drone with thermal camera

Сурет:istockphoto.com

Іздеу жұмыстары тәуліктің қараңғы уақытымен және өтініш берушімен кенеттен жоғалып кеткен байланыстың себебінен қиындады. Жұмысты жеделдету мақсатында ТЖМ қосымша күштері мен құралдары, сондай-ақ 3 ұшқышсыз ұшу аппараты іздеуге тартылды.

Жұмыла жасалған жұмыс нәтижесінде бала мен оның анасы Теректі ауданы Рыбцех ауылының маңында ақаулы көліктен табылды. Жоғалғандар медициналық көмекке мұқтаж болмай, елді мекенге жеткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале