3.05.2025, 13:30
Оқылды: 583

Теректілік тыл ардагерлеріне мерекелік медальдар табысталды

Жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова бүгін Ақжайық ауылдық округінде болып, тыл ардагерлеріне "Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл" мерекелік медальдарын табыстады.  
Жастайынан еңбекке ерте араласып, халық шаруашылығына үлесін қосқан еңбек ардагерлері Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың атынан көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, бейбіт күннің құндылығын айтып, құттықтаушыларға батасын берді.
Т.Тоқмамбетов,
Теректі ауданы
image-03-05-25-12-56-1 image-03-05-25-12-56-4 image-03-05-25-12-56-8 image-03-05-25-12-56-7 image-03-05-25-12-56-6 image-03-05-25-12-56-2
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале