4.05.2025, 15:00
Оқылды: 425

Казталовтық қарияларға құрмет көрсетті 

Бүгін «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филалының атқарушы хатшысы Ернар Ілиясов, Казталов аудандық мәслихат депутаты Сәкен Ищанов, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай аудан орталығындағы тыл және еңбек ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, үлкендерге құрмет көрсетті.

IMG-20250504-WA0011 Атап айтсақ, ел азаматтары ауыл ақсақалы Хабиболла Азаматовқа, 95 жасқа аяқ басқан Әмина Кумаева мен 93 жастан асқан Болан Арыстанбековаға көрісіп, олардың жағдайын білді. Ауылдың үлкендері партия өкілдеріне ризашылықтарын білдіріп, еліміздің тыныштығын тілеп, ақ баталарын жаудырды.

Нұр Рахман, 

Казталов ауданы 

IMG-20250504-WA0013 IMG-20250504-WA0014

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале