5.05.2025, 11:00
Оқылды: 384

Әскери оркестр патриоттық әндерді шырқады

Орал қаласындағы «Батыр-қыздар» алаңында «Елдің қорғаны», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Алға, қазақ жігіттері» және басқа да танымал әндердің әуендері шырқалды.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.36.59

Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі «Ұлы Жеңіске 100 күн қалғанда» акциясына қатысуды жалғастыруда. Аталған бастама аясында оркестр бірнеше ай бойы қаланың ең халық көп шоғырланған жерлерінде әскери жылдардағы әндерді орындап келеді.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.36.59 (1)

Бұл жолы оркестр «Батыр-қыздар» алаңында өнер көрсетіп, Орал жұртшылығын тағы да тәнті етті. Шара барысында «Әлия», сондай-ақ танымал әндердің бірі– «Смуглянка» мен «Катюша» да орындады.

WhatsApp Image 2025-05-05 at 11.37.00
Айта кетейік, 8 мамыр күні ҚР Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде Жеңіс күніне арналған шара өтеді. Оған Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Пантелеевич Скаленко мен оның өмірлік жолдасы Ксения Федосеевна арнайы келіп қатысатын болады.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале