8.05.2025, 14:30
Оқылды: 243

Ардагер параспортшы Құбайдолла Хасанов 80 шақырымдық жаяу жүрісті сәтті аяқтады

Өңірде спортының дамуына елеулі үлес қосқан ардагер параспортшы, Құбайдолла Хамзаұлы Хасанов Жеңістің 80 жылдығына орай 80 шақырымдық жаяу жүріс бағытын сәтті еңсерді. 79 жастағы спортшы бұл бастаманы аяқтар алдында күн сайын 10 шақырымнан жүрді. Аяғынан алған жарақатына қарамастан бастаған ісін соңына дейін жеткізген III топ мүгедегінің бұл әрекеті — шынайы ерлік пен мызғымас рухтың айқын көрінісі.

WhatsApp Image 2025-05-08 at 14.12.09 (1)

Ақсақалдың жаяу марафоны аяқталғанын естіген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бақдәулет Сәбитов спортшыны арнайы қабылдап, оған алғыс хат табыстады. Басқарма басшысы Құбайдолла Хасановтың бұл бастамасы жастарға үлгі, ел спортына қосқан өлшеусіз еңбек екенін атап өтті.

WhatsApp Image 2025-05-08 at 14.12.09

1946 жылы БҚО Бәйтерек ауданы, Петров ауылында дүниеге келген Құбайдолла Хамзаұлы өмірінің көп бөлігін өнер мен спортқа, жас ұрпақ тәрбиесіне арнады.

Құбайдолла Хамзаұлы — пара пауэрлифтингтен 2 дүркін Азия чемпионы (2004 ж. — Үндістан, 2006 ж. — Филиппин), сондай-ақ өңірдегі параспорт қозғалысының дамуына елеулі үлес қосып келе жатқан азамат. Ол өзінің саналы ғұмырын ел спорты мен салауатты өмір салтын насихаттауға арнаған.

WhatsApp Image 2025-05-08 at 14.12.10

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы ардагер спортшының бастамасын қолдайды. Бұқаралық спортты дамыту мен жас ұрпаққа өнеге беретін кез-келген бастаманың басы-қасынан табылуға да мүдделі.

 

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале