8.05.2025, 16:45
Оқылды: 356

Жәңгір хан университетінде Жеңіс күніне арналған шара өтті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

DSC02276

«Ұранды елдің ұрпағы – қайсар немесе Батырларға тағзым» деген атаумен ұйымдастырылған шараға университеттің басқарма төрағасы-ректоры Асқар Наметов, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Мұрат Мұқаев, Орал қаласы әкімінің орынбасары Аслан Тапишев, Ауған соғысының ардагері Сергей Пунгин, Зашаған кентінің әкімі Аққали Әубекеров және профессор-оқытушылар мен студенттер қатысты.

Алдымен сөз алған университет ректоры Асқар Мырзахметұлы бүгінгі тәуелсіз елдің ұрпағына бейбітшілік пен тыныштық сыйлаған аға буынның ерлігі – жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге екенін атап өтті. «Солардың қатарында біздің 102 жасқа келген қарт майдангеріміз Александр Федосеевич Кирпичевті және Жеңісті жақындатуға үлес қосқан төрт тыл ардагерімізді атап өтуге болады. Сондай-ақ біздің қатарымызда бір Ауған соғысының ардагері бар» деді университет басшысы. Сонымен қатар жастарды патриоттыққа тәрбиелеп жүрген әскери кафедра оқытушылары – запастағы подполковниктер Манас Алимов пен Қалеш Кангельдиевке және Рамин Жұмағалиевқа, запастағы майорлар Александр Моругов пен Еділбек Мусаковқа облыс әкімінің алғыс хатын тапсырды.

Бұдан әрі Жәңгір хан университетінің «Әскери кафедра» білім алушылары өздерінің әскери дайындықтарын көрсетіп, түрлі тактикалық іс-қимылдарымен көрерменді тәнті етті. Шараға қатысушылар әскери техника және қару-жарақ көрмесін тамашалады. Шара барысында «Жеңіс лентасы» патриоттық акциясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар қонақтар патриоттық әуендерді тыңдап, «Сарбаз ботқасынан» дәм татты.

DSC02241

Бүгінгі таңда Жәңгір хан университетінің «Әскери кафедрасында» 500-ге жуық студент білім алуда. Кафедра запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлайды.

БҚАТУ медиа орталығы    

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале