Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл болса да, оны еске түсіретін заттар әлі де табылуда. Мәлім, Жәнібек пен Бөкей ордасы соғыс оты шарпыған аудандар қатарында. Тіпті, 100 жыл өтсе де бұл жерлерден әлі талай соғыс іздері табылары хақ.

Жуырда Тау ауылының батыс бетінен ұшақтарға орнатылған ірі калибрлі пулемет «НС-23» гильзасы табылды. Бұл туралы өлкетанушы, БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов бөлісті. Гильзаны Тау ауылының тұрғыны Қуантай Әзбергенов тапқан.
- Қуантай Төлепқалиұлы гильзаны музейімізге сыйлады. Бұл гильза Сталинград шайқасы кезінде Жәнібек өңірін соғыс шарпығанын дәлейтін тағы бір жәдігер десек артық айтпағанымыз, - деді өлкетанушы.
Гүлзара Мәди
Жәнібек ауданы