Пробация - бұл тиісті уәкілетті мемлекеттік орган тарапынан қолданылатын әлеуметтік және құқықтық шаралардың кең спектрін қамтитын, есеп берушіні түзету үшін жағдай жасауға, қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені. Алайда, егер есеп беруші жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұза отырып, түзету жолына түскісі келмесе, мұндай жағдайларда пробация қызметі оған тәртіптік ықпал ету шараларын қолданады.

Осындай шаралардың бірі электрондық бақылау құралдарын (бұдан әрі-ЭБҚ) қолдану болып табылады. Сот сотталған адамға ЭБҚ арқылы жүктеген негізгі міндеттердің бірі beemonitor базасы бойынша күнделікті бақылау арқылы кешкі сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін үйде болуды бақылау болып табылады.
Жыл басынан бері Орал қалалық пробация қызметі 54 ЭБҚ қолданды.
Сондай – ақ, ЭБҚ көмегімен 30-дан астам бұзушылық анықталды, 13 жағдайда жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне ауыстыру үшін сотқа материалдар жіберілді.
Нақты мысал келтірейік. Мәселен, Орал қалалық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталушыға ҚР ӘҚБтК 440-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру, ЭБҚ қасақана бүлінген немесе жоғалған жағдайда материалдық жауапкершілік белгілеу туралы қаулы шығару туралы ескертілді.

Біраз уақыттан кейін сотталған Орал қалалық ПҚ-не келіп, ЭБҚ (пауэрбанк) сымсыз қуатын жоғалтқанын хабарлады. Осы факт бойынша сотталушымен тәрбиелік әңгіме жүргізіліп, сонымен қатар сымсыз құнын қайтару туралы ескертілді.
Қазіргі уақытта Орал қалалық сотына бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыру туралы ұсыныс жіберілді.
12.05.2025 ж. БҚО Орал қаласы сотының қаулысымен сотталғанға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі 1 жыл 5 ай 19 күн мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылды, жазасы орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде өтелді.
Қаулымен заңды күшіне енген жоқ.

ЭБҚ-ты пайдаланудағы белгілі бір қиындықтарға, атап айтқанда, білезіктің заряды ұзақ уақытқа жетпейтіндігіне және ЭБҚ-ды үнемі зарядтау қажеттілігіне қарамастан, белгілі бір жағымды аспектіні атап өту қажет, атап айтқанда, сот үкіміне (қаулысына) сәйкес сотталушының міндетін сақтамаған кезде оның бұзушылықтарын анықтауға көмектесу тұрғылықты жерінде келесі күні таңғы сағат 22.00 - ден 06.00-ге дейін.
Орал қалалық пробация қызметі