15.05.2025, 12:30
Оқылды: 192

1 маусымнан бастап «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2025» республикалық байқауына өтініш қабылдау басталады

Жыл сайын өтетін республикалық байқаудың шартына биыл өзгеріс енгізілді. Енді өңірлік кезеңге қатысу үшін бейнематериал әзірлеу міндетті емес. Алдымен педагог өзінің идеясын жазбаша негіздеп, мазмұны мен өзектілігін сипаттауы қажет. Ал республикалық кезеңге өткен соң, педагогикалық идеяны бейнематериал ретінде ұсынуы тиіс.

WhatsApp Image 2025-05-15 at 13.24.44

Сурет: gov.kz

Материал бұрын жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған және авторлық құқықты сақтай отырып әзірленген жеке әдістемелік идеяға негізделуі шарт. Жобаны қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде тапсыруға болады.

Конкурс ережелерімен толығырақ танысу үшін https://ppi.orleu-edu.kz сілтемесі арқылы өту ұсынылады.

Дереккөз: Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале