18.05.2025, 10:26
Оқылды: 313

Бөкей ордасы ауданындағы Саралжын ауылында әкім сайлауы өтіп жатыр

Бүгінгі күннің саралжындықтар үшін мәні бөлек. Ауыл халқының ұясынан көтерілген күнмен жарысып, ұйқыларынан тұратын тұратыны белгілі. Малы өріске өреді, дала жұмыстары басталады.

IMG-20250518-WA0023
Бірақ, бүгінгі ерте тұруларында тағы бір себеп бар. 18 мамыр – ауылдық округ әкімін сайлау күні.
Ауылдық мәдениет үйінде орналасқан сайлау учаскесі сағат 07:00 - де дауыс қабылдауға дайын тұрды.
Айтпақшы, сайлау науқаны басталмай тұрып, учаскелік полиция инспекторының, комиссия мүшелерінің қатысумен ғимараттың қауіпсіздігі, урналардың пломбасы тексеріліп, бюллетеньдер дайындалды.
Саралжын ауылындағы №71 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Камеловтің айтуынша, сайлау учаскесі барлық қажеттіліктермен жабдықталған, санитарлық шаралар қабылданған, әрбір кандидат туралы тікелей ақпарат бар.
Науқанның ҚР Мемлекеттік Гимнімен басталуы ауылдағы сайлаудың саяси салмағын ұғындырғандай. Сайлау комиссиясының төрағасы сайлау ережелерін түсіндіріп, сайлау учаскесінің жұмысымен таныстырды.
Қазір жәшікке алғашқы бюллетеньдер түсе бастады.

IMG-20250518-WA0027
Әдеттегідей бұл жолы да ардагерлеріміз алдыңғы шептен көрінді. Алғаш боп бозарып атқан таңмен жарысып келген де, алғаш боп дауыс берген де осы аға буын. Дауыс берушілер көшін бастаған ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Бекет Длешов ағамыздың бүгін туған күні екен.
Сайлау учаскелік комиссиясы төрағасы Бекет ағамызды туған күнімен құттықтап, сыйлығын табыстады.

Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале